фото: Джиу-джитсу федерациясы
Таиландтың Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жібек Құлымбетова алтын медальді жеңіп алды.
Ж.Құлымбетова 48 келіге дейінгі салмақта отандасы Райхан Абдуллаевамен белдесті. Олардың екеуі де Алматы облысынан еді. Осылайша, елуден астам мемлекет өкілдері қатысып жатқан жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті.
Мақсат Мұратұлы жаттықтыратын Жібек Құлымбетова тұңғыш рет ересектер арасында топ жарды. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында 11 дүркін әлем чемпионы атанған еді.
- Бангкок қаласында 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, жеңімпаз атандым. Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес. Бұл – 9 жылдық табандылықтың, тәртіптің, сенімнің жемісі. Кеше ғана жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысып жүруші едім, бүгін финалда өз елімнің спортшысымен кездесіп, жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымды көтердім, - деді Ж.Құлымбетова.
Бұдан бұрын қазақстандықтың джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы болғанын жазған едік.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через