фото: Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы
25 қыркүйек күні, сағат 15:00-де Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Құс қанатты сазбен сөз» жобасының қонағы – эстрада жұлдызы Кеңес Әлімжан болмақ. Жобаның авторы – Мәдениет саласының үздігі, ақын-композитор, әнші Гүлжанат Мухамеджанқызы. Шараның басты мақсаты – кітапханаға жұлдызды оқырмандарды тарту, жастарды кітап оқуға баулу. Айта кетейік, кіру тегін, алайда орын саны шектеулі. Сондықтан асығыңыздар, қапы қалмаңыздар!
Кітап пен өнер тоғысқан сәттің куәсі болып, шабыт пен шынайы эмоцияға толы кешті бірге тамашалаңыздар!
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через