фото: aqshamnews.kz
ІІМ мәліметінше, жаңа нормалардың басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және бейнебақылау камералары арқылы тұлғаны тану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Қазақстанда бет-жүзді толық жабатын киім киюге тыйым салу туралы заң нормаларына енгізілген түзетулер 12 шілдеден бастап күшіне енді.
Тыйым балаклаваға, медициналық мақсаттан тыс маскаға, никабқа және адамның бет-әлпетін анық көруге кедергі келтіретін өзге де киім үлгілеріне қатысты.
Дегенмен заңда бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Бет-жүзді жабуға медициналық көрсеткіштер бойынша, ауа райына байланысты, қызметтік және еңбек міндеттерін орындау кезінде, азаматтық қорғаныс шараларында, сондай-ақ спорттық, мәдени және бұқаралық шаралар барысында рұқсат етіледі.
ІІМ атап өткендей, тыйым адамның жүзін жаппайтын діни киімдерге (хиджаб, шейла, химар, аль-амира) қатысты емес. Полиция өкілдері жаңа ережелер тек қана қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын, ал азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде діни сенім бостандығы, бұзылмайтынын ерекше атап өтті.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через