Алматыда өрттен зардап шеккен 9 адам қонақ үйге орналастырылды

Алматыда өрттен зардап шеккен 9 адам қонақ үйге орналастырылды

фото: pixabay.com

Бүгін түнде Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған қайғылы оқиғадан кейін аудан әкімдігі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсету үшін жедел шаралар қабылдады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Бүгінде баспанасы өрттен зардап шеккен 9 адам қонақ үйге орналастырылды. Оларға заңгерлік көмек көрсетіліп, оның ішінде құжатын қалпына келтіруге жәрдем беріліп жатыр.

Аудан әкімдігі дін өкілдерімен бірлесіп, марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды мойнына алды.

Оқиға орнында Бостандық ауданының әкімі жүр. Ол жедел қызметтің жұмысын үйлестіріп, бірінші кезекте шешілуге тиіс мәселелерді реттеп жатыр.

«Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Отбасы үшін осындай ауыр кезеңде оларға барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Жағдай тұрақты бақылауда», – деп мәлімдеді Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері.

Көмек алу және өзге де мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Байланыс орталығы демалыссыз, тәулік бойы жұмыс істейді.

Құтқарушылар 4 минутта оқиға орнына жетті

Айта кетсек, бүгін сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите