фото: pixabay.com
Интернет алаяқтары сіздің бет-әлпетіңізді қолданып, қаражатыңызды жымқыруы мүмкін. Себебі жаңа технологиялар адамның жүзін, дауысын айнытпай жасайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
IT сарапшы Жұлдыз Әлімсейітова интернет алаяқтықтың түрі көбейгеніне алаңдаулы. Салдарынан сан соғып қалатындар көп.
Мәселен, елімізде жыл басынан бері 14 мыңнан астам осындай факт тіркелді. Ал қайтарылған қаржы көлемі 26 пайыз шамасында.
Сондықтан IT маман күмәнді хабарламаларға сенбеуге, әлеуметтік желіде абай болуға шақырады. Бейтаныс адамдардан түскен видео қоңырауға да, сақтықпен қарауды ұсынады.
Жұлдыз Әлімсейітова, IT саласы бойынша сарапшы:
Егер видео қоңырау қабылдап қойсаңыздар сіздің бейнеңізді, дауысыңызды жазып алады. Жасанды интеллект арқылы оны қолданып сіздің туысқандарыңызға, банк операторына звондауы мүмкін. Сіздің жеке ақпаратыңызды алуы үшін. Егер сізге келген пин кодты басқаларға айтып қойсаңыздар, сіздің банк шотыңыздағы ақшаны алып кетуі мүмкін.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через