фото: www.kaz.inform.kz
Елордадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Қазақстан тарихы Kazinform фотосуреттерінде» атты көрме ашылды. Бұл шара Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына орай өткізіліп жатыр.
Көрмеде 1930 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі қоғам мен мемлекет өмірінен сыр шертетін маңызды оқиғалар жайлы агенттік тілшілерінің бірегей фотомұрағаты, эксклюзивті фотосуреттері ұсынылған.
Олар ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерінің құнды ескерткіші саналады.
Кей кадрлар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.
Көрме алты бөлімнен тұрады: 1928-1959 жылдардағы Қазақстан және Екінші дүниежүзілік соғыс кезі; 1960-1985 жылдардағы ірі құрылыс жобалары, қалалар мен өңірлердің экономикалық дамуы; Алматы мен Астананың соңғы 40 жылдағы шежіресі; жеке блок әлеуметтік-мәдени қайта құруларға арналған. Сондай-ақ мемлекеттің дамуына үлес қосқан көрнекті қазақстандықтардың портреттерін тамашалауға болады.
Көрмеге барлығы 188 фотосурет қойылған. Фотокөрме 31 тамызға дейін жалғасады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через