
фото: Спортты дамыту дирекциясы https://kaz.inform.kz
БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.
Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды, содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі — Жансая Әбдімалік.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через