Ой тереңдесе, қоғам өзгереді

Ой тереңдесе, қоғам өзгереді

фото: www.instagram.com

       Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар, философтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас зерттеушілер бас қосқан IV Қазақстандық философиялық конгресс өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылық бағдарлары мен даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы алқалы жиын 3 қарашада басталған. Онда ұлттық бірегейлік, рухани құндылықтар, білім беру жүйесінің болашағы мен цифрлық технологиялардың қоғамға ықпалы кеңінен талқыланып жатыр.

       Әсіресе, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне айрықша мән берілуде. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары да назардан тыс қалған жоқ. Конгресс аясында жасанды интеллектінің білім беру саласына әсері, технологиялық өзгерістер жағдайында адамның дербес ойлау қабілетін сақтау, түркі және дала философиясының мұрасы жөнінде де пікір алмасулар өтуде. Ғалымдардың пайымынша, ақпараттық мүмкіндіктер артқан заманда жастардың тек технологияны меңгеруі жеткіліксіз, сонымен қатар оның мәнін саралап, дұрыс шешім қабылдай білуі де маңызды.

       Алматыдан бастау алған зияткерлік басқосу 19 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және өзге де қалаларда тақырыптық кездесулер мен ғылыми алаңдар ұйымдастырылмақ. Бағдарламада жас ғалымдармен жүздесулер, философиялық эсселер байқауы мен түрлі зияткерлік ойындар да бар. Ұйымдастырушылардың мақсаты – философиялық ойлау мәдениетін ғылыми орта шеңберінде ғана қалдырмай, жастар мен қоғам арасында кеңінен насихаттау.

       

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите