Алматыда ауа райы бұзылады

Алматыда ауа райы бұзылады

фото: Алматы әкімідігі

Алматыда бірнеше күн бойы жауын-шашын болады: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылды

 

10 қараша кешкі уақыттан бастап Алматыда жауын-шашын түсіп, 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, қаланың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, Алматының жоғарғы бөлігінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Жауын-шашынның негізгі бөлігі 11 қарашаға қараған түні түседі деп болжанып отыр. Қалада 20 мм-ге дейін, таулы аумақтарда 30 мм-ге дейін жауын-шашын болуы ықтимал. Күндіз тағы 5-7 мм жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер 12 қарашаға қараған түні де жаңбыр, қар жауып, тұман түсетінін болжайды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су басу қаупі бар аумақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 1 579 адамнан тұратын 85 жедел бригада жұмылдырылады. 415 техника, 97 мотопомпа және құм салынған 2 950 қап дайындалды.

Сонымен қатар қаланы күнделікті тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын ұстану қажет. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және су жиналуы мүмкін жерлерге көлік қоймау ұсынылады. Мүмкіндігінше таулы аймақтарға бармаған жөн. Ал қатты жел кезінде ағаштардың астында, жарнама құрылымдары мен электр желілерінің маңында жүрмеген абзал.

Қалалық қызметтер ауа райына байланысты жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда жедел әрекет етеді.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите