Агроғылымның жаңа көкжиегі

Агроғылымның жаңа көкжиегі

фото: www.kaznaru.edu.kz

       Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы және тамақ технологияларына арналған VI халықаралық I-CRAFT конференциясы басталды.

       Халықаралық ғылыми басқосуға ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, аграрлық бизнес пен жаңа технологияларды әзірлеушілер қатысуда. Олар ауыл шаруашылығының болашағы мен азық-түлік қауіпсіздігін талқылады.

       Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі – климат өзгерісіне бейімделген ауыл шаруашылығын дамыту. Сонымен қатар заманауи технологияларды өндірісте қолдану, жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері сөз болды.

       Ғалымдар цифрлық және нақты егіншілік, жасанды интеллект, ғарыштық және ұшқышсыз технологиялар, жаңа сорттар шығару, генетика мен биотехнология бағыттарындағы тың зерттеулерін таныстырды.

       Жиынға шетелдік жетекші ғалымдар да қатысып, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік технологияларындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл – халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтып, жаңа жобаларға жол ашатын маңызды алаң.

      Алматыда өтіп жатқан I-CRAFT 2026 конференциясы Қазақстанның аграрлық ғылым мен заманауи технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған.

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите