Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалған жағдайлары да болды.
«Эйр Астана» компаниясы әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлайды.
Егер рейстің кешігу уақыты 2 сағаттан асса, онда:
- 2 рет қоңырау жасалады немесе электронды пошта арқылы 2 хат жолданады;
- сусын беріледі.
Ал егер ұшақты 6 сағаттан астам күтуге мәжбүр болсаңыз:
- күндіз әр 6 сағат сайын, түнде әр 8 сағат сайын ыстық тамақ беріледі.
Түнде 6 сағаттан және күндіз 8 сағаттан асса:
- Қонақ үйге орналастырады.
- Қонақ үйге дейін және кейін трансфер ұйымдастырылады.
«Әуекомпания себебінен кешіккен әр сағат үшін сегмент құнының 3%-ы көлемінде өтемақы төленуі керек. Өтемақы алу үшін help.airastana.com сайтында өтініш білдіру қажет», - деп мәлімдеді компаниядан.
Рейсі кешіккен әуе компанияларының жолаушыларға төлейтін айыппұлы ұлғайтылады.
Фото: azh.kz, shraibikus.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через