фото: netpoint-dc.com
Әлемдік нарықтың шамамен 93 пайызына ие Google-дың қадам-қарекеттері сарапшыларды қайран қалдырып отыр.
Фото: canva.com
Биылғы желтоқсан айынан бастап, Google өз пайдаланушыларының Gmail аккаунттарын, тиісінше пошталарын жаппай әрі аяусыз жоюға кіріседі.
Дегенмен, Sauap.org бұдан құтылудың жолын көрсетті. Себебі, "электронды қырғынға" тек белсенді емес аккаунттар ілігеді. Сондықтан Gmail-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған адамдар өз аккаунтына кіріп, жазбаларын жаңартса, поштасынан жақын адамына бір-екі сөйлемнен тұратын хат-хабар жіберсе, немесе өз аккаунтынан кіріп, YouTube желісінде бейнежазба тамашаласа, жеткілікті.
Аккаунтыңыз жойылмауы үшін не істеу керек?
Sauap.org келесідей кеңес береді:
- Gmail поштаңызды ашып, хат жолдаңыз немесе түскен хаттарды ашып, оқыңыз.
- Google Диск тегін бұлтты платформасында архивіңізді, файлдарыңызды, видео мен фотосуреттеріңізді сақтаңыз.
- YouTube бейнехостингіне төл аккаунтыңыз арқылы кіріп, бейне тамашалауыңыз, пікір қалдыруыңыз да есептеледі.
- Жақыныңызға фотоңызға қолжетімділікті ұсынуға болады.
- Google Play-ден пайдалы қосымшаларды жүктеп алыңыз.
- Google іздеу жүйесін пайдаланыңыз.
- Басқа қoсымшаларға немесе сервистерге "Google аккаунтымен кіру" функциясын пайдаланыңыз.
Бұған қоса, Google-дың бірнеше аккаунты бір құрылғыда қолданылса, онда оның әрқайсысының белсенділігі де жеке-жеке бағаланады.
Әйтпесе, әлемде миллиондаған адам бір мезетте өз аккаунттарын жоғалтып алмақ.
Әлемдік алпауыт соңғы 2 жыл бойы белсенді болмай, құр жатқан миллиондаған Gmail есептік жазбаларын жоятынын мәлімдеді. Бұл шара пошталық сервисті елеулі жаңарту науқаны аясында жасалады. Google адамдардың жұмысына, оқуына қатысты дербес аккаунттарға, сондай-ақ кез келген ұйыммен байланысты аккаунттарға тиіспеуге уәде етті.
Google компаниясы 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Gmail және Google Drive сервистеріндегі белсенді емес аккаунттарды өшіріп тастауды қарастырады. Олардағы барлық ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз, біржола жoйылады.
Себебі иесіз аккаунттарды ары қарай түрлі алаяқтар пайдалануы мүмкін.
Мысалы, қаскөйлер бөтеннің аккаунты арқылы кіріп, құрбанының дербес деректерін ұрлайды, қоқан-лоққы жасайды, қудалауы, ақша бопсалауы мүмкін. Түрлі спамдар да бос жатқан аккаунттардан жиі жолданады.
Дереккөз inbusiness.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через