фото: pixabay.com
Әлемде биометрия технологиясына сұраныс артады. Алдағы 5 жылда оның нарығы 120 миллиард доллардан асуы мүмкін, деп жазды 24.kz сайты.
Қазір бұл көрсеткіш 59 миллиард долларға жуықтаған. Яғни бұл нарық жылда 15% өсіп тұрады. Mordor Intelligence сарапшылары осылай деп топшылайды. Олардың айтуына қарағанда ең көп қолданылатын технология бұл - саусақ іздері. Одан соң 26 пайызбен бет-әлпетті тану жүйесі тұр.
Үштікке 10%-пен көздің беткі қабығы арқылы тану технологиясы кіреді.
Жалпы биометрия нарығының 40%-і АҚШ-қа тиесілі. Ізінше Еуропа тұр. Үштікті Азия-Тынық мұхиты аймағы сабақтайды. ТМД елдері биометриялық деректерді қолдануға күмәнмен қарайды.
Сарапшылар: «бұған ақпараттың жеткіліксіздігі және мұны жеке өмірге қол сұғу ретінде қабылдау себеп», – дейді.
Материал 24.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через