Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелер интеграциясын жүргізді. Соның нәтижесінде Альфа банк платформасы арқылы жеке кәсіпкерлікті онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Атқарылған жұмыстар шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.
«Біз азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, процестерді оңайлата отырып, оларды барынша ыңғайлы етуге тырысамыз. Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеудің баламалы тәсіліне қолжетімділік бар. Бұл істі жаңа бастаған бизнесмендерге оңай тіркелу тәсілін таңдау да өте маңызды», деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Сервис маусым айында тестілік режімде іске қосылды және кәсіпкерлерге жеке кәсіпкерлігін тіркеу ғана емес, сонымен қатар банкте шотты тегін ашуға мүмкіндік береді, рәсім небәрі бес минутты алады, келесі күні шоттың деректемелері электронды поштаға түседі. Бүгінгі таңда көрсетілетін қызметті елімізде 100-ден астам кәсіпкер пайдаланды.
«Кез келген өнімді немесе көрсетілетін қызметті іске қоспас бұрын біз бірқатар зерттеулер жүргізіп, клиенттің нақты қажеттіліктерін анықтаймыз. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер бизнестегі формальдылыққа көп уақытын кетіргісі келмейді, керісінше сатылымды арттыру үшін көп жұмыс істейді. Альфа осындай мүмкіндік ұсынады. Қызметті іске қосылған екі ай ішінде біз нарықта бұл сервистің үлкен сұранысқа ие екенін байқадық» деді Альфа банктің «жаппай бизнес» блогының басқарушы директоры, «Атамекен» ҰКП төралқасының ШОБ дамыту жөніндегі комитетінің мүшесі Дамир Кәкиев.
Жеке кәсіпкерді онлайн тіркеу үшін Альфа офис платформасында жоғарыда айтқан қызмет түрін таңдап, телефон нөмірін және смс кодын енгізу керек, жеке куәліктің сканерленген нұсқасын қосып, ұсынылған нысанды толтыру және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қою қажет.
egemen.kz Думан АНАШ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через