фото: el.kz
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі балалар лагерлеріне қатысты пікір қалдырды.
Оның жазуынша, маусым айынан бері балалар лагерлерінің күйіне қатысты арыздар көп түскен.
«Алматы маңындағы «Арман дала» лагеріне қатысты. Кеше түсте білім басқармасының қызметкерлері лагерьге жолға шықты. Ұйыммен жасалған келісім-шарт бұзылатын болды. Лагерь иесіне тиісті шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, уәкілетті тұлғаларды жауапкершілікке тартатын тексеріс жүргізілетін болады. Түркістан облысының кейбір лагерьлеріндегі жағдай да бұған ұқсас, өткен айда бірнешеуін аралап көрген едім. Әріптестерім Түркістан облысындағы және Қызылорда облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер Гүлжан Вероцкая мен Жапырақ Ұзақбаева да облыстарының лагерьлерін аралап шықты», - деп жазады Динар Зәкиева.
Оның сөзінше, Қазақстанда 120 мемлекеттік, 98 жеке меншік, 900 шатырлы және 9,5 мың мектеп жанындағы лагерь қызмет көрсетеді.
«Қазір лагерь ашу үшін СЭС пен ТЖД-нен рұқсат қағазын алу қажет. Жағдайлары сұмдық, әрі талаптарға сай келмейтін бұндай жеке меншік ұйымдардың олардан қалайша рұқсат ала алғаны күмән тудырады. Алды ма? Өйткені, анықталғандай, СЭС-тің рұқсат қағазынсыз жұмыс істеп жатқан лагерьлер де бар. Тиісінше, сұрақ конкурс өткізу рәсіміне қатысты. Бұл үшін жауапкершілікке тарту қажет деп санаймын, тиісті сұрау салдым. Сонымен қатар, бұған дейін айтқанымдай, бұл – жүйелі мәселе», - деді ол.
Динара Зәкиева бүгінде балаларға арналған ұйымдар жұмысының бірыңғай стандарт-талаптары, оларды заңнамалық тұрғыдан реттеу жоқ екенін айтты. Себебі, тексеріске мораторий жарияланған.
«Балабақшаларға, дамыту, түзету орталықтары сияқты түрлі мекемеге қатысты арыз, шағымдар көп түсіп жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында қазір біз мемлекеттік органдармен пысықтап жатқан нормалардың ішінде мораторийді алып тастау туралы, қызмет көрсетуге рұқсат беруді реттеу туралы және балаларға арналған бардық мекемеге бірыңғай стандарттар мен ережелер енгізу туралы норма бар. Бұл ұсыныстарды күзде Парламентке жібермекпіз, деді Динара Зәкиева.
Мәселені ШЕШУ ҮШІН қазір біз мемлекеттік органдармен пысықтап жатқан нормалардың арасында мынадай ұсыныстар қарастырылған.
- тексеруге МОРАТОРИЙДІ алып тастау;
- балаларға қызмет көрсететін барлық ұйымдар үшін ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ енгізу.
"Бірыңғай талаптар, ережелер, стандарттар қажет. Әрине, бұл ретте ашықтық механизмдерін қарастыру маңызды. Аталмыш шаралардың қажеттілігі өте өткір тұр», - деп жазды желіде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.
Еске салайық, Алматылық оқушылар демалысқа жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілген еді. Осы оқиғадан соң Алматы прокуратурасы сауна ғимаратында балалар лагерін ұйымдастыру ісі бойынша тергеу бастады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото el.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через