Алматыда ЖИ бойынша халықаралық олимпиада басталды

Алматыда ЖИ бойынша халықаралық олимпиада басталды
фото: pixabay.com

Елімізде 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы саналады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1 200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.