Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Тиісті қаулыға сәйкес 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды.
Бүгінде бұл саладағы қызметкерлердің жалпы саны 155 мыңнан асады.
Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
Биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша еліміз 8-орында.
Фото: news.myseldon.com, storm100.livejournal.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через