Санды технологиялар

Бөлісу

YouTube ар-намысқа тиетін пікір қалдырушы авторларды жазалайды

YouTube ар-намысқа тиетін пікір қалдырушы авторларды жазалайды

Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын платформа жазалауы үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты.

Егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды, содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отырғандығы нақтыланған.

"Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді", делінген YouTube мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

YouTube-тегі жаңа ережелер 14 желтоқсанда өз күшіне енді.

Дереккөз  Zakon.kz. Фото: orenburzhie.ru.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через