Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Әлеуметтік кодекс жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, мысалы онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осындай санаттағы жұмыскерлерге жатады.
«Қазір біздің елде тек Яндекс таксидің өзінде ғана қазір 500 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Glovo-да 200 мың адам қызмет етіп жүр. Жалпы платформалық жұмыста 1 миллионға жуық азамат жұмыс істейді. Оларға осы жұмыс икемді, табыс көзінің бірі болғандықтан бүгінгі жұмысына ешқандай кедергі келтірмейтін, бірақ оларды формальды жұмыс істеп жүрген азамат ретінде тану үшін, егер сол платформаға кірген болса, яғни жария келісімшартқа қол қойса, онда ол азамат тәуелсіз жұмыскер ретінде танылады», - деді Тамара Дүйсенова.
Министр Әлеуметтік кодексте платформа салық агенті ретінде қарастырылып жатқанын айтты
«Яғни сол азаматтар үшін салыққа немес әлеуметтік қамсыздандыруға төленетін қаражаттарын салық агенті ретінде платформаның операторлары төлейді. Болмаса азаматтың өзі жеке кәсіпкер ретінде төлейтіндей мүмкіндік қарап отырмыз. Ол азаматқа әлеуметтік төлем төленетін болса, оның қажетті көмекті алуына құқығы болады», - деді министр.
Фото: Spot.uz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через