фото: https://pixabay.com/
Келесі жылы Қазақстанда криптовалютаны айырбастауға рұқсат беріледі
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда ашылатын криптовалюта пункттерінде қандай активтерді айырбастауға болатынын айтты.
Келесі жылы сәуір айынан бастап республика бойынша криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға рұқсат беріледі. Ондай қызметті қазіргі валюта айырбастау пункттері негізінде ұсынуға да болады.
"Криптовалюта айырбастау пунктінде кассир отыруы мүмкін. Бірақ қолма-қол ақшамен көп жұмыс істемейді, аккаунт ашуға және ақшаны аударуға көмектеседі. Артынан адам криптобиражаның қатысушысы болса, криптовалютаны өзі сатып алады. Сосын криптовалюта айырбастау пунттерінде криптоматтар орнатылуы мүмкін. Соған ақшасын немесе карточкасын салып, криптовалютаны сатып алуға мүмкіндік беріледі",-деді Шолпанқұлов сенатта өткен жиында.
Оның айтуынша, айырбастау пункттерінде тек нақты криптовалюталар сатылады.
"Ал, ең бастысы, "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы биржадан сатып алынған криптовалюта ғана заңды болып саналады. Қалғаны заңсыз және қылмыстық қудалауға ұшырайды", - деп ескертті Шолпанқұлов.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через