WhatsApp желісінің басшысы Telegram-ды қолданбауға шақырды

WhatsApp желісінің басшысы Telegram-ды қолданбауға шақырды

 WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Уилл Кэткарт өзінің Twitter парақшасында жазды.

WhatsApp басшысының пікірінше, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді.

«Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын тәуелсіз тексеру жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компания қабылдаған нақты ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді», - деп жазды Уилл Кэткарт өзінің Twitter парақшасында.

Сонымен қатар, ол аталған мессенджер құпия чаттардағы мәліметтерді өзге адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін айтты. Бұған қоса, Уилл Кэткарт Telegram әкімшілігі үкімет сұратуы бойынша кез келген құпия ақпаратты ұсынатынын жазған.

Дереккөз  ҚазАқпарат. Фото mavink.com