Үйлену оңай, үй болу қиын

Үйлену оңай, үй болу қиын

 Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен. Ажырасу жөнінен әле­м­де алдыңғы ондық­тамыз. Өткен жы­лы елімізде 22,5 отбасы­ның шаңырағы шай­қалған.

Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде Ranking.kz мамандары дайындаған есеп­ке сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке қиылған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға аз. Ал бір жыл ішінде ажырасқан отба­сылар саны 22,5 мыңға жетіп отыр. 2019 жылы елі­мізде 59,8 мың неке бұзылғанын алға тартқан сарап­шылар пандемия еліміздегі ажырасулар са­нын айтарлықтай азайтты деп отыр. Десе де, соң­ғы онжыл­дық­тың көрсеткіштері көңіл көн­шіт­пейді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қорының қол­дауы­мен (ЮНФПА) жүргізілген зерттеу қ­орытындысына сүйенсек, 2000-2018 жыл­дар аралығында Қазақстанда ажы­расқ­ан­дар саны орта есеппен екі есе көбейген. Ел­дің барлық өңірінде, тіпті қазақы тәр­бие­нің қаймағы бұзылмаған ауылдардың өзін­де шайқалған шаңырақтар саны арта түскен. Мәселен, неке бұзу деректерінің са­ны Шығыс Қазақстан облысында 1,3 есе, Ал­маты облысында 2,8 есе көбейіпті.

«Егер 2000 жылы елдегі ажырасулар са­ны барлық неке санының 30 пайызы болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 40 пайыз­ға дейін көтерілді. Егер мұндай динамика сақ­талса, алдағы уақытта әрбір үшінші не­ке ажырасумен аяқталады», – делінген зерттеуде.

Ұлттық статистика бюросының дере­гінше, өткен жылы шаңырақ шаттығы жиі бұзылған өңірлер арасында Алматы қала­сы көш бастаған (3 мың), одан кейінгі орын­да – Алматы облысы (2,5 мың) және Қара­ғанды облысы (2,2 мың).

Бір жыл ішінде некеге тұру санының ай­тарлықтай төмендеуі Шымкентте (17 пайызға азайған), сондай-ақ Солтүстік Қа­зақстанда (14,9 пайыз) және Қостанай об­лысында (14 пайыз) байқалды. Неке құр­ған жұптар саны тек Қызылорда облы­сында өскен, оның өзінде 1 пайызға ғана.

.