Әлеуметтік желілер - барлық автомобиль брендтері үшін маңызды маркетингтік құрал.
Илон Маск Twitter-ді сатып алған соң ғаламтор желісі бұған дейін басты бәсекелес саналып келген. Америкада электромобильдер шығаратын Тесла компаниясының қызыл тізіміне енді.
Бұған дейін кез келген автоөндірушілердің Твиттерде бөлімдері болған. Бөлім қызметкерлері клиенттер сұрағына жауап беріп, өз тауарларының тұсаукесер көріністерін желіге жүктеп отырған.
Twitter-ді 44 АҚШ долларына сатып алған Илон Маск осы алаңда барлығына бірдей жағдай жасалатынын, өз пікірлерін білдіруге еркіндік берілетінін жариялағанымен көптеген автоөндіруші «әлеуметтік желінің иесі бізге бәсекелес компанияның бастығы емес пе» деп күдіктеніп отыр.
Олардың қатарында америкалық General Motors автомобилінің өндірушісі бар. Компания басшылығы әлеуметтік желі қай бағытта дамитыны нақтыланғанша Твиттерде жарнама беруді әзірге тоқтата тұруды ұйғарыпты.
Бған дейін аталған әлеуметтік желіге жарнама бере отырып, көптеген қаржы құйып келген. басқа да алпауыт өндірушілер "желіде қалу керек пе, жоқ па "деп алаңдап отыр. Ал француздың Citroen автомобиль бренді алғашқылардың бірі болып, «Біздің бәсекелесімізге тиесілі әлеуметтік желінің алаңы, саламатсыз ба» деп пікір қалдырыпты.
Жазбаларға қарағанда дәл қазір ешкім танымал алаңнан кетпейтін секілді. Бәрі тек әліптің артын күтіп отырғандай.
Жалпы бұл жағдайдың Илон Маскке, әсіресе Твиттерге оңай тимейтіні анық. Себебі Жаңалықтар қызметі тиімсіз монетизация моделімен жылдар бойы күресіп келеді. Егер General Motors секілді ірі клиенттер Твиттерден кететін болса, әлеуметтік желінің теңгерімдік есебі нашарлауы ықтимал.
Фото: vox.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через