Санды технологиялар

Бөлісу

Тік Ток қосымшасына қазақ тілі қосылды

Тік Ток қосымшасына қазақ тілі қосылды

Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «кескінді» басыңыз.

Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауыңызға болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазанында елордада Astana Media Week медиафорумы ұйымдастырылды. Осы іс-шараға қатысқан Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының басшысы Анастасия Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын растаған еді.

Фото:  smi24.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через