Қызылорда облысында орналасқан Сығанақ қалашығында кешенді зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Көне шаһарда 2003 жылдан бастап кешенді түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2014 жылдан бері оған облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп келеді. Биыл қазба жұмыстары мамыр айының басында басталды. Оны «Мәдени мұра» ғылыми-зерттеу орталығы» қолға алған. Қазба қалашықтың қорғаныс қамал қабырғасына жанама салынған құрылыс және орталық көше бойындағы шаруашылық нысандарында жүргізіліп жатыр.
«Оған қоса қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» жобасы жасалуда. Бұл жұмыстар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тарапынан қолға алынған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасынан.
Қазба жұмыстары қорғаныс қамал қабырғасында, ортағасырлық кесенелерде және Қожамберді елді мекені маңындағы Көккесене сағанасында жүргізіліп жатыр. Бұл іс аяқталғаннан кейін жабындылар жабу арқылы консервациялау және уақытша сақтау, бекіту жұмыстары атқарылады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через