Алған тауарыңыз көңіліңізден шықпай қалса, не істеу керек? Сатушының тауарға жасайтын жеңілдігі оны кері қайтармауға себеп болады деген рас па?
Бүгінде кез келген тұтынушы өз құқығының тапталмауына жете көңіл бөледі. Кейде тауардың сапасына мән бермей, сатып алған соң ғана сан соғып қалады.
Ал сатушылар мен тауар өндірушілер тұтынушылардың өз құқын қорғай алмайтындығын, білместігін пайдаланып, оларға сапасыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен заттарын сатып жіберуі әбден мүмкін. Зардап шегетін тұтынушы халық. Алайда бұны заңды жолмен шешуге болады...
Егер алған тауарыңыздан ақау шықса...
Тұтынушы өз бетінше сараптама жасатып, құзырлы мекемелерге шағымдану арқылы да құқығын қорғауына болады, ол үшін:
- Тауарды алған дүкенге барыңыз;
- Тауарды ауыстырып не болмаса ақшаңызды қайтарып беруін талап етіңіз;
- Кепілдік мерзімі бойынша жөндеп беруді талап етіңіз (тауарға байланысты);
- Сатушы талаптарыңызды орындамаған жағдайда мекеменің әкімшілігіне жүгініңіз;
- Сізге факт керек, сондықтан талабыңызды екі экземплярда жазбаша ұсынып, тіркелуін қадағалаңыз (бір экземпляр сатушыда қалады);
- Кіріс құжат ретінде кіріс нөмірмен тіркелуін қадағалаңыз;
- Арыз-талапты алған адамның аты-жөні мен арызыңыз келіп түскен ай күні мен қол қойдырып алыңыз (осылайша, заңда белгіленген мерзім өтіп кетсе, мерзімінде әкелгеніңізді растай аласыз);
- Тауарға тәуелсіз сараптама жасатыңыз;
- Барлық шығындарыңызды растайтын чектерді жоғалтпаңыз.
- Егер әкімшілік те талабыңызды орындамаса, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасына өтініш жазасыз немесе бірден сотқа талап-арыз жазасыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через