фото: Сергей Куксин
Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті.
Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.
"Күдіктілер зиян сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қолжеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, "байланыстырылған құрылғыларға" өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.
Дереккөз Polisia.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через