Мерзімі өтіп сасып кеткен шұжықты, ашп кеткен сүтті, техникалық бояумен боялған алманы, Малдың иістеніп кеткен бас-сирағындағы етті жеп жүргеніңізді білесіз бе? 40 тонна суға химикат пен дәретхана қағазын қосып шырын дайындаған кімдер?
Әлем-жәлем әлеуметтік желіде тұтанып кетейін деп тұрған тақырып табылса болды, соған қас пен көздің арасында тамыздық тастап үлгеретін пысықтар болады. Соңғы екі-үш аптада ішкі-сыртқы саясатты өрелері жеткенше талдады. Елдің есін екеу, түсін төртеу қылған интернеттің инесінен отырғандың назарынан фейсбуктағы айболат Букенов есімді қолданушының мына бір жазбасы тыс қалды. Мұнда былай дейді:
2015 жылдан 2020 жылға дейін табиғи шырын жасайтын зауытқа жұмысқа кірдім.Аты затына сай емес, күніне 80 тонна сок шығарсақ зауытта бір түйір алма немесе бір түйір апельсин тағы басқа жеміс-жидек көрмедім. 2 тонна консервантқа 38 тонна су қосады. Сосын сіздер сеңбейсіздер мандарин қабығы мен картон қағазы және қосылады екен. 40 тонна сумен қағаз толы ыдысқа 0,066 химикат қосады. Содан исі мүнкіп дәм береді. Шырын емес-шығын сатып алып жүрміз осылай. Ас-су жасайтын суайттарды көріп-естігенде тәбетін түкке тартпай қалады екен. Біз не жеп жүрміз,не ішіп жүрміз сонда? Әлеуметтік желіден супермаркеттерде өтпей қалған шұжықтарды цехқа әкеліп сыртын жуып, жарамды мерзімін қайта жаңартып қаптама жапсырып отырған жігіттердің видеосын көрдіңіз бе? Адам асамақ түгілі итке тастасаң иіскеп кете салатын мерзімі өтіп кеткен шұжықты шығарып жатқандардың ұл-қызы жей ме екен мұны. Болмаса салмақ қосу үшін инемен су қосатын тауықтары, немесе құрттап кеткен еттер, боялған орамжапырақтар, техникалық сырмен сырланатын жемістер. Міне осы астар дастарханыңызға түссе аузыңызға ұшық шығады, әрісі аурухана кереуетіне таңыларыңыз анық. Айтпақшы осы Ақ адал ақшасына сатып алып жатқандар уланып қалмай ма деген адамға тән қасиет бар ма екен бұларда? Қорықпай жейтін не қалды?
Азық-түлік қауіпсіздігі ұлт қауіпсіздігі. Мұны әлдеқашан түсінген әлем елдерінің 75 пайызы азық-түлікке қатысты заң-закөндерін қабылдап шегелеп тастаған. Бізде заң болғанымен бақылау аз. Механизмі мығым, жұмысы жүйелі емес. Салдарынан елімізге импортталатыын азық-түлік өнімдері сапасының сын-сүзгісінен өткізіп жатқан ешкім жоқ. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді дегеннің кері.
Сонымен ұлттың генін –ұлттық ас қана сақтайды. Десе де ұлттық дәнді ұртына толтырып салып жүргендер қат қазір. Құрт пен жентті армансыз жеуге, қазы-қартаны шеңгелдеп асауға, ши бауырсақты уыстап алуға көпшіліктің қалтасы тартпайтыны бесенеден белгілі. Асқазан ұлыған соң қайтеді. Сапасыз екенін білсе де, жұрт арзан асқа жүгінеді.Арты атын атап білмейтін ауруға алып барады. Қош ұлттық асымызға қол жетпейінше бұл шырғалаңнан шығу мүмкін емес.
Standard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через