Әлемнің дамыған көптеген елі жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді.
Бұл оқиға 1989 жылы БҰҰ қолдауымен Еуропалық сапа ұйымының арқасында пайда болды. Дүниежүзілік сапа күнінің басты мақсаты – әлемдік нарықта ұсынылған қызметтер мен өндірілетін өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Мерекенің негізгі мақсаттарының бірі – тауарлар мен қызметтердің сапа деңгейіне қатысты мәселеге көпшілік назарын аудару.
2000-шы жылдардың басында еліміздегі мемлекеттік ұйымдар мен жеке компаниялар өнімді, қызметті сертификаттауды , сонымен қатар менеджмент жүйесінің сапасын, экология саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау арасындағы айырмашылықты жетік түсінбеді. Сондықтан қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасына қол жеткізуге мүдделі барлық адамның күш-жігерін біріктіруге бағытталған қоғамдық ұйым құру қажет болды.
Осындай мақсатпен 2002 жылы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" ҚР Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық ұйым мәртебесінде «Қазақстандық сапа және Инновациялық менеджмент ұйымы ("КОКИМ"ҚБ) құрылды.
Дүниежүзілік сапа күні қарсаңында «Қазақстандық сапа және инновациялық менеджменті» қауымдастығының президенті, танымал ғалым, қоғам қайраткері Азат Әбдірахмановпен арнайы сұхбаттасқан едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через