Ресейден 21 шетелдік компанияның Қазақстанға көшкені туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.
«Егер бұрынырақ Еуразия нарығында болғысы келген компаниялар Ресей экономикасының бізден 10 есе үлкен болуына байланысты сауда жасау, тауарларын сату үшін бас кеңселері үшін Мәскеу мен Санкт-Петербургті таңдайтын. Қазір санкцияларға байланысты олар басқа қалаларды таңдауға мәжбүр. Біз оларға балама ретінде Алматы мен Астананы ұсынамыз. 62 компания ниет танытты. Оның ішінде қазіргі уақытта 21 жоба жүзеге асырылды», - деді министрдің орынбасары.
Оның атап өтуінше, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.
«362 компанияға қызығушылық танытамыз. Бұл тізім толықтырылып отырады. Кейбір компаниялар ұсынымыздан бірден бас тартады немесе жағдайдың одан ары қалай дамитындығын байқап көретіндігін айтады. Дегенмен, бұл жұмысты жалғастыра береміз», - деді Алмас Айдаров.
Фото: ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через