Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы паркінің қазіргі жағдайы ерекше назар аударуды талап етеді. Тығырықтан шығудың бір жол - ішкі өндіріс есебінен техникасы тозған парктерді жедел жаңарту.
Бұл өз кезегінде саланың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы бағытта жасалып жатқан жұмыс ретінде 2019 жылдың 23 қазанында "Қостанай трактор зауыты" базасында "Кировец" тракторлары өндірісінің ашылуын атап өту керек. Жоба Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Техника өндірісі Қостанай қаласының индустриалдық аймағында "Петербург трактор зауыты" АҚ-мен ынтымақтастықта басталды.
Жақында Астанада өткен «Қазақстанның үздік тауарлары 2022» көрме–жәрмеңкесінде аталған кәсіпорын көрмеге келушілер назарына жаңа техникасын ұсынды.
Фото: traktoristam.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через