Интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған.
Оның салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын болып жатыр. «МТҚ» АҚ ұзақмерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты деп болжайды.
«Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік оқиғасына тап болсаңыз, 1400 (24/7) тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мамандарға хабарласуыңызды немесе Telegram чатына өтінім жіберуіңізді сұраймыз» деп ескертеді кәсіпорын.
Фото: exk.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через