Аспан асты еліне елімізден тасымалданатын тауарлар Қытай шекарасына кіргізілмей жатыр. Тіпті астықты да өткізбей тұр. Соның салдарынан Қазақстандық экспорттаушылар шекарадан аса алмай тұрып қалып жатыр. Үкімет басындағылар оны Қытай жағынан санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың күшеюіне байланысты екенін алға тартады. Дегенмен астық өсірушілер одағы бұл жағдайды оңынан шешуге болады деп санайды..
Дүниежүзін жайлаған індет ол тек қана сылтау деп түсінеді Қазақстанның астық одағындағылар. Себебі олар өздерінің тарифі арқылы қытайлықтардың транзитіне тосқауыл қойып отырғандығын айтады және бұл біздің билік басындағылардың әлсіздігі деп санайды. Себебі, олар өткенде де осындай мәселені шешіп бере алмаған болатын. Вагон толы тауарды жөнелтушілерге кері қайтарылған екен. Бұл жолы да тағы сондай жағдай қайталанып отыр, – деді "Қазақстанның астық одағы" ЗТБ ресми өкілі Евгений Карабанов.
Естеріңізде болса, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада тұралап қалған көліктерге орай кәсіпкерлер көмек сұрайтынын айтқан еді. Президенттің айтуынша, мұндай жағдайда үкімет дереу жауап беруі тиіс, сондай-ақ, серіктестермен мәселені оң шешіп тастауы керек. Кейін белгілі болғандай Қытайдың карантиндік шараларды күшейтуіне орай бірнеше жүк көліктері жүк басылған тауарымен тұрып қалғаны белгілі болған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через