Қазақстандықтар ай сайынғы домофон қызметі үшін төлем жасамаса да болады.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, домофонды орнатудың кондиционер орнатудан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты. Ал оның қызметіне ақы төлеу дұрыс емес. Бұзылған жағдайда орындалған жұмыс үшін ақша беру керек.
Шымкент тұрғыны Көркем Үсібалиева осыдан бес жыл бұрын пәтеріне домофон қосып, қомақты ақша төлеген. Содан бері ол ай сайынғы қызмет ақысын төлейді. Компания шот-фактураны автоматты түрде береді. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде домофон бір рет болса да жөндеуді қажет етпеген.
"Бізге не үшін төлейтінімізді нақты түсіндірмеді, бір жағынан 340 теңге аз ақша болса, жылына төрт мың теңгеге шығады", - дейдң Көркем Үсібалиева.
Қызмет ақысы тек компаниялардың қалтасына түсетін болып шықты. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл халықты адастыру екенін және бұл қарапайым кондиционер орнатумен бірдей жұмысекенін айтты.
"Компания домофонды орнатқаннан кейін тұтынушымен қатынас тоқтатылуы керек. Егер домофонды орнатқаннан кейін тұтынушылар қызмет алғысы келсе немесе ақаулар болса, олар қызмет көрсететін ұйымдарды жалдап, нақты қызметтерді төлеуі керек", - деп түсіндірді Маңғыстау облысы бойынша АДМК бөлімінің маманы Мөлдір Сариева.
Кейбір домофон компаниялары адамдар ай сайынғы төлемді төлеуден бас тартса, домофондарды ажыратып тастайды. Бұл келісім-шартта домофонның иесі ретінде домофон компаниясы көрсетілген болса ғана заңды. Домофонды тұрғындар сатып алса, оны ажыратуға ешкімнің құқығы жоқ.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті абоненттерден әлі шағым түспегенін, бірақ түссе, халықтың құқығын қорғауға дайын екендіктерін түсіндірді.
"Біздің департамент өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын болады", - деп сендірді комитеттің мемлекеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің бас сарапшысы Айман Қожамұратова.
Мамандардың айтуынша, адамдар белгілі бір компаниямен келісім-шартты өз талаптарымен қайта қарауға құқылы. Ал егер домофондық ұйымдар өздерінің заңсыз қызметтерін жүктесе, қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне алады.
Заңгер Ғабит Өмірбек домофон бизнесін жемқорлық деп атайды.
"КСК-шниктері домофонды орнатушылармен келіссөздер жүргізеді, соның арқасында олар жақсы ақша табады. Бұл заңсыз", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, азаматтар ақшасын қайтара алады. Ол үшін монополияға қарсы қызметке хабарласып, одан жауап актісін алу қажет.
"Тұрғындар сотқа жүгініп, монополияға қарсы қызметтің шешімі негізінде азаматтық іс жүргізу тәртібімен ақшасын өндіріп ала алады", - деп атап өтті заңгер.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через