фото: Коллаж golos-naroda.kz
Еліміздің микроқаржы және коллекторлық ұйымдары қазақстандықтардың қарыздары кешірілуіне ықпал жасайды. Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізді.
Егер микроқаржылық ұйымдар қарыз алушылардың қарыздарын кешірсе, үш жылға салықтан босатылады. Бұл норма халықтың несие жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, деп жазды stan.kz. .
Дегенмен, елдің несие қоржынына талдау жасайтын болсақ, біз ақшаны пәтер немесе бизнес үшін емес, тұтынушылық қажеттіліктер үшін – тұрмыстық техника мен саяхаттау үшін пайызбен алатынымыз анық.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі ұсынған статистикаға сүйенсек, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының екінші деңгейлі банктерге берешегі 12,7 трлн теңге болған.
Ал, отандастарымыз қарызға белшесінен батқан секілді.
Егер 2020 жылы барлық қазақстандықтардың жалпы қарызы 6,6 триллион теңгені құраса, 2021 жылы – 7,4 трлн, 2022 жылдың қаңтарында – 10,7 трлн, ал 2022 жылдың қыркүйегінде – 12,7 трлн теңге болды. Үш жылға жетер-жетпес уақытта жалпы қарыз екі есеге жуық өскен екен.
Шағын несие нарығындағы жағдай бұдан да күрделі. 2020 жылы отандастарымыз микроқаржы ұйымдарынан 299 миллиард теңге, 2021 жылы 427 миллиард теңге, 2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша 877 миллиард теңге қарыз алған. Яғни, қазақстандықтардың онлайн несие берушілерге берешегі үш жылға жетер-жетпес уақыт ішінде үш есеге өскен.
iPhone, бизнес әлде пәтер?
Бәлкім азаматтар пәтер сатып алғандықтан немесе бизнеске ақша салғандықтан қарызға батқан шығар?
Өкінішке қарай, статистика басқа деректі ұсынады. Жеке тұлғаларға берілген 12,7 триллион теңге несиенің 7-уі тұтынушылық мақсатқа алынған.
Дереккөз stan.kz. Фото inastana.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через