Қазақстандықтар Таиландқа визасыз кіре алады

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз кіре алады
фото: pixabay.com

Енді қазақстандықтар Таиландқа 30 күнге визасыз кіре алады. Бұл туралы kaz.inform.kz сайты жазды. 

Қазақстандықтардың 30 күн бойы Тайландта визасыз жүруін Тайланд билігі мақұлдады. Мұндай режим бір жылға қолжетімді. 

Таиландтың (ТАТ) Туристік басқармасының мәліметінше, былтыр 172 мың қазақстандық турист экзотикалық елге саяхаттаған.

Таиланд билігі биыл қазақ жерінен 220 мың турист келеді деп болжап отыр.