фото: dknews.kz
Бүгінгі таңда Қазақстандағы бірқатар салада білікті мамандар жетіспейді. Соның кесірінен еліміздегі кейбір ғылыми салалар дамымай қалды. Бұл жағдай экономикамыздың, әсіресе қоғамның дамуына айтарлықтай теріс ықпалын тигізіп отыр. Ресми дерекке сүйенетін болсақ, жыл сайын елімізде 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас білім жолында шетел асады екен. Қазақ жастарының 32 %-ы, яғни әрбір үшінші қазақ баласы шетелге кетуге құмартады. Мұның себебін мектеп түлектерінің сапалы білім алу керектігін ұғынып, соған сәйкес әрекет етуімен байланыстырған жөн шығар.
Бұдан бөлек тұрақты жұмыстың болмауы, жалақының мардымсыздығы және ең бастысы патриоттық сезімнің бойда жоқтығы қазақстандық жастардың шетел асуына түрткі болып отырғандай.
Ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Бүгінгі бағдарламамыздың қонағы да осы пайымды алға тартады. Қазақстанда диплом алған жастардың біршама бөлігі неге өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді? Неліктен өндіріс ошақтары тарапынан жас мамандарға сұраныс жоқ? Неге білімді жастар шетелге кетуге құмар? ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма бастығы Мақсат Бөленбаев осы мәселелерге қатысты өз ойын ортаға салған еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через