Қазақ байларының ұлттық білімді қолдауға құлқы жоқ. Ділдәгүл Нұрмаханбет

Қазақ байларының ұлттық білімді қолдауға құлқы жоқ. Ділдәгүл Нұрмаханбет
фото: Сапалы Қазақстан

Әлеуметтік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі жас ұрпаққа ұлттық сипатта білім беру десек асыра айтқандық болмас. Себебі, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сапалы білім беру кез-келген тәуелсіз мемлекеттің басты мақсаты. Сонымен қатар, мұны кез-келген елдің болашағын тәрбиелейтін мектептің ғана емес, бүкіл мемлекеттік мекемелердің мүддесі деп айтуға болады.

Білім ошағына алғаш бас сұққан жеткіншектер алдымен Әліппемен танысады, әріп тануды, оқуды үйренеді. Ал біз бүгінгі таңда балаларға қандай кітап ұсынып жүрміз? Балалардың қолына тиген Әліппе үддеден шыға ма? Балаларға арналған сапалы кітап қалай жазылады? 

«Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі Әліппе кітабына қосымша оқу құралын жазған «Алтын қалам» иегері, журналист-жазушы, ақын Ділдәгүл Нұрмаханбеттен сұхбат алған еді.