Қазақстан халқына" бизнесмендер қанша ақша аударады

Қазақстан халқына" бизнесмендер қанша ақша аударады
фото: https://sputnik.kz

Қазақстан халқына" бизнесмендер қанша ақша аударады

Қорға қазірдің өзінде танымал қазақстандық кәсіпкерлерден 12 миллиард теңгеден астам қаражат түскен

Президенттің тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына 150 миллиард теңгеге дейін ақша түседі деп болжанып отыр. Бұл туралы қор басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.

"Кешегі отырыста президент тікелей үндеу жасаған кәсіпкерлердің құрамын ескерсек... Ірі және орта кәсіпорындардың қандай салық салынатын кірісі бар екенін жете түсіне отырып айтатын болсақ... Біз қорда 100 миллиард теңге болады деп шамалап отырмыз. Бұл 100 миллиардты бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсаймыз. Тағы қаражат түссе, 50 миллиард теңгені екінші деңгейлі мәселелерді шешуге бөлеміз", - деді Жәмішев сенбідегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін белгілі кәсіпкерлерден, заңды тұлғалардан және қарапайым азаматтардан қорға 12 миллиард теңгеден астам қаражат түскені хабарланған болатын. Қайырымдылыққа "Kaspi bank" АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 миллион теңге аударды.

Мәтіндегі ақпарат туралы