Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Ресейден және ОА-ның барлық елдерінен озып тұр

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Ресейден және ОА-ның барлық елдерінен озып тұр

       Speedtest Global Index деректері бойынша биылғы жылдың ыркүйегінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті.

       Бұл өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары.

       Көрші Ресейде бұл көрсеткіш 21,4 Мб/с-ты құрады, Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан кейін Қырғызстан (19,6 Мб/с), одан кейін Өзбекстан (15,8 Мб/с), одан кейін Тәжікстан (7,9 Мб/с) елдері тұр. Қыркүйек айында Түрікменстан бойынша деректер ұсынылмады, соңғы мәліметтер осы жылдың мамыр айында ғана тіркелген, ол кездегі көрсеткіш 5 Мб/с болған еді.

       2022 жылдың қыркүйегінде әлемдегі мобильді интернеттің жылдамдығы 33,2 Мб/с-ты құрады. Норвегия, БАӘ және Катар көш бастады.

       Еске сала кетейік, Speedtest Global Index бұрын пайдаланған кең жолақты интернетті жүктеу жылдамдығының орташа мәнінен көпшілік үшін көбірек көрсеткіш ретінде медианалық мәнге ауысты.

       2021 жылы ұялы байланыстарды қоса алғанда, 6 жастан 74 жасқа дейінгі интернет қолданушылардың үлесі Қазақстанда бірден 92,9%-ды құрады.

       Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығының өсуіне байланысты трафикті тұтыну да өсуде. Ол Түркия, Сингапур, Италия, Бельгия және т.б. елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, осы жылдың қаңтар-шілде айларында көрсеткіш 62,6 млрд теңгені, 2021 жылы — 128,6 млрд теңгені құрады. Сектордағы инвестициялардың үлесі байланыс операторларының өз қаражатымен қамтамасыз етілген.

       Kazinform.kz