Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-15 елдің қатарына кірді

Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-15 елдің қатарына кірді

Қазақстанда мобильді интернет-трафик пайдалану Түркия, Сингапур, Италия, Белгия және өзге де көптеген елдерге қарағанда біршама жоғары. Соған қарамастан қазақстандықтар үшін интернет бағасы төмендеп келеді.

Ranking.kz порталының мәліметінше, Beeline желісі деректер трафигінің көлемі 2021 жылы бір пайдаланушыға үштен бірге ұлғайған.

Оператордың дерегінше, 2021 жылдың 4-тоқсанында трафик пайдалану көлемі бір пайдаланушыға 14,1 Гб-қа жетті.

Бұл бір жыл бұрынғы дәл осындай кезеңдегі көлемнен 28,2 пайызға жоғары. Ал Kcell-де 2021 жылдың 4-тоқсанында бір пайдаланушы қолданған трафик көлемі 11,6 Гб болды.

Бұл көрсеткіш те 2020 жылдың 4-тоқсанындағы деректен 18,3 пайызға көп.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы көрсеткіш әлем бойынша орташа деңгейден біршама жоғары.

Еліміз мобильді интернет-трафикті ең көп пайдаланатын елдердің ТОП-15-іне кіреді.

Айталық, өткен жылдың 4-тоқсанында бір қазақстандық 14,1 Гб трафик қолданған.

Бұл орташа мәннен 46 пайызға жоғары. Ал бұл көрсеткіш Түркияда – 13,6, Сингапурда – 13, Италияда – 12, Грекияда – 6,2, Бельгияда 5,4 Гб-ты құрады.

Елімізде интернет-трафик пайдалану көлемінің өте жоғары болуы жаһандық желінің азаматтарымыз үшін қолжетімділігін көрсетеді.

Мұның үстіне трафик пайдалану көлемінің артуына қарамастан мобильді интернет құны арзандап та келеді.

Мәселен, 2021 жылдың қорытындысында 1Гб интернет-трафиктің орташа бағасы 110,5 теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7 пайызға арзан.

Сонымен қатар ұялы телефонмен бір минут сөйлесу құны да арзандай түсті, деп жазды Zakon.kz.

2018 жылы 1 минут сөйлесу құны 1,41 теңге болса, 2019 жылы – 1,34, 2020 жылы 1,2, 2021 жылы 1,19 теңге болды.

Фото: afisha7.ruanticwar.ru