Шетелдік оқу орнының студенті атану – талмай талаптанып, ерінбей оқыған, оқу-білімді қапысыз меңгерген жасқа ғана бұйыратын бақыт.
Жастардың шекара асып, жақсы білім алғаны жақсы. Бірақ «тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен» жастардың диплом алғаннан кейін Қазақстанға қайта оралуы – некен-саяқ екен.
«Оның бірден-бір себебі, жастайынан туған жерден жыраққа кеткен балалар бауырмал болмайды» деседі психолог мамандар. Олардың айтуынша, ағайын-туғанның, ата-анасының жанынан ерте кеткеннен кейін, оларды күнде көріп жүрмеген соң, әрі шетелдегі думанды тірлікке еті әбден үйреніп алған соң оның өз Отанына оралуы қиынға түседі екен.
Азаматтық тұлғасы жаңа қалыптасып келе жатқан жас өскінді шетелге жіберу арқылы еліне, жеріне, ұлтына жаны ашымайтын, өз халқының тілі мен ділін мансұқ ететін нағыз нигилистер сапын көбейтуіміз мүмкін. Өйткені, педагогикада өз пікірі мен азаматтық санасы қалыптасатын шақ 14 пен 23 жас болып саналса, дәл осы жас аралығындағы бозбала мен бойжеткенді шетелге оқуға жіберу дұрыс па? Жастардың шетелде оқуына қолғабыс етіп жүрген, «A&T Smart Study» шетелге оқуға жіберу орталығының жетекшісі Толқын Әбілдаеваемен тілдесіп, осы сұраққа қатысты пікірін білген едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через