Қапшағай қаласында балық өнеркәсібі кешені салынады
Алматы облысының Қапшағай қаласында инновациялық балық өнеркәсібі кешені салынады. Кәсіпорында баррамунди балығын өсіру жоспарлануда, зауыттың қуаттылығы-жылына 10 000 тонна өнім болмақ.
Кешенге шамамен 67 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Кәсіпорын 300 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады.
"Үкімет балық шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. 2030 жылға қарай жылына 270 мың тонна балық өсіру көзделген. Балық саласын субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары кеңейтілді. Сондай-ақ балық өсірудегі ілеспе бағыттарды дамыту үшін жағдайлар жасалды. Балық өсіру көлемін балық өсіру үшін жарамды су қоймаларын пайдалану, сондай - ақ жаңа индустриялық балық өсіру шаруашылықтарын салу есебінен ұлғайту жоспарлануда", - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан кез-келген аймақта өндіріс орнатуға болады. Мұндай индустриялық шаруашылықтарға су үнемдеу технологиялары пайдаланады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через