Соңғы бір аптада бес жарым пайызға дейін өсіпті. Бірақ мұның себебін өзінше түсіндіруге тырысқан шенуніктер дүрлігуге еш негіз жоқ деп отыр.
Бұл жағдайда дүрлігудің қажеті жоқ. Маусымдық әрі жаһандық факторларды ескерген жөн. Сондықтан бәрі қымбаттап жатыр деуге келмес. Әрине, кей тауарлардың бағасы өскені рас. Бірақ қай тауардың да құнын Үкімет бекіткен инфляциялық дәліз деңгейінде ұстап тұруға жұмыс істейміз. Қанат Жауынбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры.
Өткен аптада ғана ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы үш айда пияз экспортына тыйым салған. Бұған себеп: біздің шаруалар өсірген жуаның шетелге тым жылдам қарқынмен сатылуы. Өйткені пияз өндіруден алдына қара салмайтын елдің бірі – Пәкістандағы су тасқыны бұл салаға айтарлықтай кесірін тигізген. Сондықтан алыс-жақын шет елдер қазақстандық пиязды саудалай бастапты.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шектеудің тіпті алты айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.
Жалпы жауапты мекеменің дерегінше, көтерме саудадағы пияздың келісі 150-170 теңге шамасында.
Дереккөз ktk.kz. Фото baigenews.kz, news.ivest.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через