Пәтерді онлайн рәсімдеуге болады

Пәтерді онлайн рәсімдеуге болады

Қазір пәтер таңдау үшін табаннан тозып, қала кезудің қажеті жоқ. Бар ақпарат смартфонда самсап тұр. Бұл аз десеңіз, үйді рәсімдеу үшін де құжат құшақтап, мекеме араламайсыз. Түсінген адам мұның бәрін үйден шықпай атқарады.

Баламен үйде отырғандықтан, пәтерді онлайн рәсімдедім. Не істеу керегі кезек-кезегімен жазылған. Бәрі түсінікті. Тіпті нотариус қажет болмады. Яғни уақытпен қоса қаржыға да үнем болды. Кеңсеге дайын құжаттарды алу үшін ғана келдім. Айнара Нұрпейісова, қала тұрғыны

Қосымшаны Би-Ай груп компаниясы мен елдің Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп жасаған. Тың технологияны болашақта барлық компанияға қолжетімді етуге ниетті.

Ақпараттық қауіпсіздікті сақтай отырып, мәліметтер базасына рұқсат бердік. Қалған жұмысты компания өз есебінен жүргізді. Мемлекет үшін бұл жақсы бастама. Себебі азаматтар бір орталыққа топталмай, әр түрлі платформаға жүгіне алады. Біз барлық компанияға ұсыныс жасадық. Әзірге жалғыз осы компания ғана қызығушылық танытты. Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Платформа арқылы үйді нақты ақшаға, бөліп төлеуге және ипотекаға алуға болады. Цифрлық ипотека бойынша екі банкпен келістік. Билдың өзінде онлайн қызметті мыңнан астам адам қолданды. 200 дей адам цифрлық ипотека арқылы пәтерін рәсімдеді. Егер ипотеканы дәстүрлі әдіспен рәсімдесең кемі 20 күн кетеді. Онлайн бес күн. Азаматтардың ақпараты банктік құпия қорғалған. Нұрлан Оңғарбаев, BI Group қаржылық технологияны дамыту бөлімінің басшысы

Қазір қосымшамен тек жаңа тұрғын үйді ғана рәсімдеуге болады. Құрастырушылар алдағы уақытта бұл тізімге паркинг, қойма сынды өзге де жылжымайтын мүлік түрлерін қосуға ниетті.

Дереккөз 24kz. Фото: toletdigital.com