Онлайн оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы

Онлайн оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы

Онлайн оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы

2020-2021 оқу жылы да аяқталды. Қазақстанда жыл бойы  «Онлайн мектеп» платформасы арқылы жұмыс жасалды. Ондағы негізгі мақсат – еліміздегі төтенще жағдайға байланысты баланың денсаулығын қорғау. Осыған орай  оқушыларға ыңғайлы деп тапқан қашықтықтан оқыту жүйесіне мұғалімдер де, студенттер де, оқушылар да мойынсынды. Дейтұрғанмен  онлайн оқудың пайдасы болды ма немесе зияны қандай? Қашықтан оқыған бала  болашақта опық жемей ма? Бұл сұрақ кез-келген ата-ананың көкейінде тұр. «Standard.kz» порталы осы сауалға жауап іздеп көрді

Пайдасына тоқталып өтейік. Ең басты құндылығымыз – баланың қауіпсіздігі, оның денсаулығы дейтін болсақ, онда қашықтықтан оқыту біріншіден тиімді. Білім алушыларға барынша жағдай жасалған. Мысалы кез-келген пән бойынша арнайы дайындалған видеосабақтардың тұтастай қоры жасақталып, оқу орындарының компьютерлік базасы толықты. Демек, оқушы кез-келген уақытта  үйде отырып-ақ сабағын оқи алады. Сондай-ақ, бала ауырып сабаққа қатыса алмаса, оқушы жазылған соң өткізіп алған пәндерін сақталған видеосабақтар арқылы қайта-қайта көріп, өзі ақ түсініп алуға мүмкіндігі болады. Тапсырманы орындай отыра, мұғалімімен байланыса алады. Тағы бір тиімділігі оқушы бос уақытын көбін жанұясында бірге өткізеді.

Қашықтықтан оқудың зияны – бала интернетке тәуелді. Бір жапырақ телефонға шұқшиып бірнеше сағаттап отыру сөз жоқ денсаулыққа зиян. Көзге күш түседі. Компьютерде ұзақ отырудың кесірінен остеохондроз және омыртқаның қисаюы пайда болуы мүмкін.  Екінші мәселе жоғары оқу орнында оқитын, шалғай облыс, аудандардан, ауылдық жерлерден  келіп  оқуға түсіп оқыған студенттер бүгінде амал жоқ ауылдарында. Интернет сапасының төмендегінен олардың онлайн сабақтарға шығуға мүмкіндігі болмайды.  Тағы бір жағдай онлайн оқытуға мүлдем келмейтін мамандықтар бар. Соның бірі ол медициналық мамандық. Дәрігер мамандығы тікелей адамның өміріне жауапты. Айталық бұрын бетпе бет студент дәрістерде, семинарда оқыған оқуды мұғалімімен бірге талқылайтын, керекті құралдарды қолымен ұстап тәжірибелік жұмыстарын жасайтын. Ал қашықтықтан оқыту барысында дұрыс талқылай алмайды, тәжірибе түрінде көрсету қиынға соғады. Бұл студенттің алдындағы қиыншылықтар. Ал мектеп оқушылары арасында келеңсіздікке мектеп бітіруші түлектер тап болуда.  Олардың алдарында үлкен сынақ – Ұлттық бірыңғай тест күтіп тұр. Алдыңғы мектеп бітірген оқушылар сияқты олар да түсінбеген, білмеген жерлерін мұғалімінен жүзбе-жүз сұрап білгенге не жетсін. Қашықтан оқуда жоғары деңгейде, өз дәрежесінде өтетініне сенім аз.

Қорытындылай келе айтарымыз: өткен жыл – бұл білім, ең алдымен, әлемде болып жатқан өзгерістерге бейімделетін  сала екенін көрсетті. Сондықтан қазіргі жағдай студенттердің де, оқушылардың да, мұғалімдердің де мінез-құлық үлгілері мен әдеттерінің өзгеруіне және бүкіл әлемдегі білім беру жүйесінің эволюциясына әкеледі деп сеніммен айтуға болады.

Гүлназ Молдабергенова

Сурет: ашық дереккөзден алынды