Елдегі қанттың орташа бағасы келісіне - 493 теңге. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2022 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша елдегі қант қоры - 26,9 мың тонна. Фискалдық деректер операторының (нақты кассалық чектердің жиынтық деректері) ақпаратына сай, 12 шілдеде республика бойынша қанттың орташа бағасы келісіне - 493 теңге болды. Ең төмен баға - Маңғыстау облысында. Онда қанттың келісі - 442 теңге. Ал қанты ең қымбат өңір - Қарағанды облысы. Мұнда қанттың келісі 564 теңгеден саудаланып жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаменті күн сайын дүкендер мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 13 шілдедегі елдегі қант бағасы:
Нұр-Сұлтан қ. – келісі 495-850 теңге;
Алматы қ. – келісі 445-740 теңге;
Шымкент қ. – келісі 529-800 теңге;
Ақмола облысы – келісі 780 теңге;
Ақтөбе облысы – келісі 489-638 теңге;
Алматы облысы – келісі 459-850 теңге;
Атырау облысы – келісі 680-800 теңге;
Шығыст Қазақстан және Абай облыстары – келісі 850-980 теңге;
Жамбыл облысы – келісі 551-900 теңге;
Батыс Қазақстан облысы – келісі 483-650 теңге;
Қарағанды облысы – келісі 730-905 теңге;
Қостанай облысы – келісі 520-930 теңге;
Қызылорда облысы – келісі 518-800 теңге;
Маңғыстау облысы – келісі 489-850 теңге;
Павлодар облысы – келісі 690-900 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – келісі 330-770 теңге;
Түркістан облысы – келісі 518-800 теңге.
Бұл уақытқа дейін Қазақстан Ресейден 168 мың тонна қант сатып алған.
Сонымен қатар, алдағы уақытта елдегі қант тапшылығын болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өндіруді дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірлемек.
Фото:liter.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через