Олжас TikTok-тың Сингапурдағы кеңсесінде жұмыс істейді

Олжас TikTok-тың Сингапурдағы кеңсесінде жұмыс істейді
фото: https://turkystan.kz

Олжас TikTok-тың Сингапурдағы кеңсесінде жұмыс істейді

Трафикті бақылап, киберқауіпсіздік мәселесімен айналысатын америкалық Cloudflare компаниясының мәліметінше, TikTok 2021 жылы Google, Microsoft пен Facebook секілді гиганттарды басып озып, қолданушылар саны ең көп интернет-ресурсқа айналды. Сондай-ақ әу баста қысқа видеолармен алмасуға мүмкіндік беретін желі ретінде ашылған TikTok-қа ай сайын миллиардтаған адам кіретінін айтады. Әлемге TikTok-ты сыйлаған қытайлық ByteDance компаниясының қызметкерлерінің қатарында Олжас Қайырахмет бар. Ол ByteDanceтың Сингапурдегі халықаралық кеңсесінде деректер сақталатын бұлт қоймасы жүйесіне жауапты командада инженер болып жұмыс істейді.

Қазақстандағы көпшілік TikTok-қа иелік ететін ByteDance компаниясы туралы көп біле бермейді. ByteDance – Google, YouTube секілді бірнеше бизнесі бар Alphabet холдингі секілді ірі конгломерат компания. ByteDance ойлап тапқан өнімнің ішіндегі ең танымалы – TikTok әлеуметтік желісі. Негізі, TikTok-тың екі: қытайлық және шетелдік нұсқасы бар. Қытайлық нұсқасын қытайлықтар ғана қолдана алады. Қытайдың құпиялылық туралы заңына сәйкес бөлінген бұл нұсқа Қытайдан тыс аймақта жұмыс істемейді. Оның бас кеңсесі Бейжіңде орналасқан. Ал халықаралық заңдарға бағынатын шетелдік нұсқасы бойынша жұмыс істейтін негізгі кеңсе Сингапурде. Десек те Қытайдағы бірнеше маманмен үнемі байланыстамыз, халықаралық мәселелерге байланысты әлдебір кедергілер туындай қалған жағдайда олар бізге хабарласады. ByteDanceтың TikTok-тан бөлек, Xigua, Toutiao, Lark, Helo секілді бірнеше сервистері тағы бар. Көпшілігі Қытай нарығына арнайы жасақталғанымен, әлем бойынша танымалдығы артып келе жатыр.

– Басты міндетім  деректерді қамтитын бұлт қоймасының платформасын ұсыну, сондай-ақ қойма жүйесін оңтайландыру, оны жылдам әрі тиімді ету. Осылайша, біздің өнім мен жүйені Cloud-native тәсіліне көшіру. Жалпы, алдағы уақытта компания бұлт қоймасына байланысты жобаларға екі есе көңіл бөліп, көп өнім жасап шығармақ. Сол себепті алдағы уақытта жұмыс ауқымы екі есе көбеймек.

– Сингапурды мамандар «Азиядағы Кремний алқабы» деп атайды. Әлемдегі ІТ саласының астанасы саналатын, алпауыт компаниялар шоғырланған Америкадағы алқапқа барудың қажеті жоқ дейді тағы олар.

Америкадағы Кремний алқабының бәсі бәрібір биік. Дегенмен салыстырмалы түрде Сингапурда ІТ мамандар мен инвесторларға жағдай жасайтын біраз ерекшеліктер бар. Ең алдымен мұнда төленетін салық сомасы әлдеқайда аз. Ірі компанияларға осында филиал ашу өте қолайлы. Сол себептен де Google, Facebook секілді ірі корпорациялар Шығыс Азиядағы бас кеңсесін осы елден ашады. Одан бөлек, көптеген қаржы институттары да осы жерден филиал ашып алған. Сингапурда блокчейн және криптоқаржыға қатысты көп стартап жоба іске асырылып жатыр. Бизнестің түр-түрі «қызып» жатқан соң, инвесторлар көп қызығады, елде жоқ, тың нәрсе іздеп табу үшін осында «ағылып» келеді. Тағы бір айта кетерлігі, Америкаға қарағанда Сингапурге жұмыс визасын алу оңайырақ. Америкада жұмыс істеуге рұқсат беретін H1B визасын алу үшін жарты жыл уақыт кетеді. Ал Сингапурде визаны небары 2-3 аптаның ішінде ала аласың.

ByteDance компаниясында атқарылып жатқан жұмыстарға белсене араласу – шыңдалып, тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік. Сен әзірлеген дүниені миллиардтаған адам қолданатынын ойласаң, жігеріңе жігер қосылып, жаңалық ашуға, елде жоқ дүние ойлап табуға деген құлшыныс арта түседі. Сондай-ақ бұрын-соңды шешімін тауып көрмеген күрделі істерді, жолай кезігетін түрлі кедергілерді «еңсеру» сені одан сайын шыңдай түспесе, тежей алмайтыны анық.

 

 

 

 


Ақпарат көзі