Енді некеге тұру құжаттарын электронды форматқа көшіруге болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай мәлімдеді.
Заң жобасы мемлекеттiк тiркеу туралы анықтамаларды туу, неке қию және бұзу туралы куәлiктер және т.б құжаттарды электрондық форматқа көшiрудi көздейдi. Бұл азаматтар үшін ыңғайлы болады. Нәтижесінде құжат алуда қарбалас жойылып, адамдар кез келген уақытта QR коды бар электронды нұсқасын басып шығара алады немесе ұсына алады.
Мусиннің айтуынша құжат жоғалған кезде оның түпнұсқасын алуға өтініш беру қажеттілігі жойылады.
Азаматтың өтініші бойынша немесе елден кеткен жағдайда құжатты қағаз жүзінде алуға болады. Азаматтық деректерді мемлекеттік тіркеу функциялары сервистік инфрақұрылымы және мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыреті бар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: news.myseldon.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через