фото: https://pixabay.com/ru/
Былтыр еліміздің күріш өндірушілері 205 мың тоннадан астам өнім өндірген. Оның 92 пайызы күріштің отаны саналатын Қызылорда өңіріне тиесілі. Мына кестеден байқасақ, 189 мың тоннаға жуығын өндіріпті. Алматы облысы 9,5 мыңнан сәл асырса, Түркістан 6600-дей, ал Жетісу аймағы 138 тоннасын шығарған. Дегенмен былтырғы өндіріспен салыстырсақ, 8,4 пайызға кемігенін көреміз. Қызылордалық өндіріс 18 мың тоннаға кеміген. Сол сияқты Түркістан облысында да мың тоннаға қысқарды. Есесіне, Алматы және Жетісу өңірлері өндірісті ұлғайтыпты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне үңілсек, былтыр 11 айдағы күріш импорты 3 есе өскен. 2022 жылы сырттан 9,5 мың тоннаға жуық өнім әкелініпті. Ал былтыр қарашаға дейін ішкі нарыққа 26 мың 600 тоннасы жеткізілді. Экспортқа тоқталсақ, мұнда жағымды өзгеріс бар. 2022 жылы 99 мың тоннадан астамы шетке саудаланса, былтыр 102 мың 500 тонна күріш жеткізіппіз.
Қазақстанның күріш өңдеу және өндіру қауымдастығының бас сарапшысы Сағидолла Сыздықов былтырғы егін түсімі жақсы болғанын айтады. Су тапшылығы, қуаңшылық сияқты факторлар аса бір ықпалын тигізбеген. Тек елдегі дүкен сөресінде ұсынылған Ресей мен Беларусьтің арзан күріші, отандық өнімді өткізуге кедергі келтіріп отыр. Осы ретте диқандарға қолдау керек. Үкімет көмектесіп те отыр, бірақ ол аздық ететін көрінеді.
Сапа жағынан бәсекеге қабілетті болса, онда неге сырттан күріш алдыруға мәжбүрміз? Әлде Ресейлік күріштің сапасы біздікінен жақсы ма?
Мәселе сапада емес, оның бағасында. Күріш өндірісі қауымдастығы өкілінің айтуынша, Ресейде оның өнімділігі жоғары. Қызыорда облысында бір гектардан 55 центнер алынса, Краснодарда, мысалы, 65 центнерден өндіріледі. Әрине осы жерде өзіндік құны төмендеу болады. Оған қоса әлгінде айтып кеткендей, ол жақта шаруаларға мықты мемлекеттік қолдау көрсетілетін сияқты. Импортты алмастыру саясатын тоқтату қажет
Үкімет отандық шаруаларды қолдағысы келсе, азық-түлік импорттын алмастыру саясатын тоқтату қажет. Аграрлық экономикаға талдаған халық файнанс сарапшылары осындай тұжырымға келді. Олардың пайымынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамту үшін өнімнің барлығын елде өндіру міндет емес. Бағасы арзан, сапасы жақсы болса, ондай өнімді сырттан алдырса да болады. Бұл ретте Жапония, Германия, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі көпке үлгі, дейді сарапшылар.
Мәселен, жақында үкімет жүгері өсіретін кәсіпкерлерімен отырыс өткізген болатын. Онда дақылды Қытай және Иран тәрізді шетел нарықтарына экспорттау мәселесі талқыланды. Осы ретте сарапшылар жүгері өнімділігі жөнінен еліміз Ресей, Украина тәрізді алып аграрлық мемлекеттерден көш ілгері тұрғанын айтады. Сондықтан бәсекеге қабілетті өнімді экспорттауға көбірек көңіл бөлген жөн дейді.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через